Жергілікті тұрғындар полицияға тұрғын үйдің кіреберісінде жеткіншектің денесі жатқанын хабарлапты
Ақтөбеде 13 жастағы қыз бала тұрғын үйдің 20-шы қабатынан секіріп қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға кеше сағат 18:45 шамасында облыс орталығындағы 25 қабатты үйде болған. Жергілікті тұрғындар полицияға тұрғын үйдің кіреберісінде жеткіншектің денесі жатқанын хабарлапты.
Өкінішке қарай, қыз жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
«Кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.