Қазір жүргізуші ауыр дене жарақатымен ауруханада жатыр
Алматыда мопед жүргізушісі ауыр жол апатына ұшырады, деп хабардайды Almaty.tv.
Бейнетіркеу камерасына түсіп қалған оқиға Әл-Фараби даңғылында болған. Қазір жүргізуші ауыр дене жарақатымен ауруханада жатыр.
«Жүргізуші Н есімді азамат. Қытайда жасалған мопедті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеп, Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықтық сақтамаған. Осылайша, Mitsubishi маркалы көлігіне соқтығысқан. Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеу басталды», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.