Жексенбі күні Алматы тауларында 9 турист құтқарылды

15.06.2020 18:51

Құтқару операциясы таңға дейін жалғасты

Горный гид Алматы

Алматы құтқарушылары тауда қалған 9 туристке көмектесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, өткен демалыста Талғар асуында бұғанасы шығып кеткен 31 жастағы әйел құтқарылды. Жасақ мамандары оны таудың етегіне түсіруге көмектесті. Сол күні кешке қарай құтқарушылар Букреев шыңында (теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам) адасқан 3 туристке жол көрсетіп, қалаға дейін ілесіп келген. 

«Бүгін түнде Панорама шыңына жақын маңда аяғы жараланған турист төменге түсірілді. Бес адам шыңға шығып бара жатып, жолда адасқан. Олардың бірі таулы аймақта аяғын жаралап алған. Құтқару операциясы таңға дейін жалғасты. «109» қызметінің хабарлауынша, кеше тауда қалған 9 туристке көмек көрсетілді», – деді баспасөз қызметінен.