Бельгияда мектеп құлап, 6 адам мерт болды

21.06.2021 18:57

Қайғылы оқиға орнына осы елдердің елшілері барды

ҚазАқпарат

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Опат болған құрылысшылардың көпшілігі шетелдіктер – Португалияның үш азаматы, бір Румыния азаматы және бір Ресей азаматы. Қайғылы оқиға орнына осы елдердің елшілері барды. Прокуратура органдары тергеуге қосылды. Антверпен инженерлік департаментінің мамандары жаңа ғимараттың құлауына не себеп болғанын анықтауда. Қазіргі уақытта мектеп құрылысын бітіру мүмкін болатынына күмән бар, қала басшылығы құрылысы аяқталуға жақын барлық ғимаратты бұзуға тура келетінін жоққа шығармайды.