Отардағы гарнизонда әскери қызметкер өзіне қол жұмсады

23.11.2021 19:11

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі растады

Almaty.tv

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы гвардиялық гарнизонда әскери қызметкер өзінің жүрек тұсына оқ атып, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі растап отыр.

Айта кетейік, мамыр айында ғана Шығыс Қазақстан облысындағы 3477 әскери бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, қаза тапқан еді.  

«22 қараша күні «Гвардейская» гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде және туыстарының өтінішіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды», – деді ҚР ҚК БӘПБ бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов.