Төтеншеліктер оқиға орнына дереу жетіп, 30 минут ішінде отты ауыздықтаған
Алматыдағы дәмханалардың бірінде алапат өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тілсіз жау Бостандық ауданындағы 280 текше метр болатын «Бунгало» тамақтану орнына шыққан. Қызыл жалын кеше шамамен сағат 19:45-те тұтанған. Өрт аз уақытта жан-жаққа тез таралып үлгерген екен. Оған бірден-бір себеп – нысан ішіндегі ағаштардың көп болуы дейді мамандар.
Төтеншеліктер оқиға орнына дереу жетіп, 30 минут ішінде отты ауыздықтаған. Ол үшін 50-ден астам адам мен 13 техника жұмыс істеген. Абырой болғанда оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, дәмхана өрт кезінде жұмыс істемеген.