Өрттің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Жетісайда базар өртеніп, 900 шаршы метр аумақ күлге айналды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салдарынан бірнеше сауда орны жарамсыз болып қалған. Қызыл жалын түнгі сағат 03-00-де тұтанып, таңғы 07-00-де ғана толық сөндірілді. Себебі жел салдарынан отты дер кезінде өшіру мүмкін болмапты. Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті «зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады. Қазір алапат өрттің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазіргі таңда жеке құрам қауіпсіздікті сақтау мақсатында 300-ден астам полиция қызметкері жұмыс атқарып жатыр. Өрт болған жерде адам шығыны тіркелмеген», – деді облыстық полиция департаменті ЖПҚБ бастығы Асылхан Төреханов.