Түркістандағы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Кадр из видео Almaty.tv
Кадр из видео Almaty.tv
Үйде егде жастағы ер адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төбесіне жай түсті. Түркістан қаласында жол апатына ұшыраған автобус жеке үйдің қабырғасын бұзып кетті. Жергілікті полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Hyundai Accent автомобилін тізгіндеген жүргізуші 17 бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Салдарынан автобус жақын маңда тұрған үйдің дуалын қиратқан. Сол уақытта үйде егде жастағы ер адам болыпты. Дәрігерлер қарияның дін аман екенін айтады. Алайда қоғамдық көліктегі жолаушылардың бірнешеуі жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетіліпті.

Түркістан қаласы, Жүнісбеков мен Омаров көшесінің бойында сағат 9:30-да жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының командирі Данияр Түймебаев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте қыз алып қашу дерегі жиілеп кетті

Новости партнеров