Өскеменнің екі тұрғыны мүгедектің аяқ киімін тартып алған

20.02.2019 19:19

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

sputniknews.kz

Өскеменнің екі тұрғыны мүгедектің қысқы аяқ киімін күшпен шешіп, тартып алған, деп хабарлайды ustinka.kz.

Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, 17 ақпан күні кешкі сағат 8 шамасында белгісіз азаматтар шабуыл жасап, күшпен қысқы аяқ киімін тартып алғанын айтқан.

«Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Орталық шұғыл әрекет ету басқармасының бейне бақылау жүйесінің көмегімен бұрын сотталған 44-45 жастағы екі азаматты ұстаған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.