Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 2,5 тоннадан астам балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Бударин ауылы тұсында болды. 45 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Газель» автокөлігін тоқтатып, тексерген кезде 2500 кг қара балық, сондай-ақ 51 кг бекіре тұқымдас балық табылды. Тәркіленген балық «Каспий Урал» ЖШС-ына сақтауға тапсырылды.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.