Оқиға болған күні жүргізуші оны үйінің маңынан түсірген
Түркістанда балабақша көлігі 5 жасар баланы қағып өлтірді. Полиция машина жүргізушісін қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анықталғандай, қыршын кеткен бала сол балабақшаның тәрбиеленушісі екен. Оқиға болған күні жүргізуші оны үйінің маңынан түсірген. Бүлдіршін жолды өту үшін көлік алдымен жүгіріп өтпек болған, сол кезде темір тұлпар алға жүріп, бала астында қалған. Рөлдегі кісі оны байқамаған. Ауруханаға жеткізілгенімен, жарақат салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.
– Қазіргі таңда полициямен аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп, жүргізуші қамауға алынды. Ал автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды, – деді Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Берік Нышанбаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Кореяның полициясы бірлесіп жұмыс істейтін болды