Аустралия полициясы Оңтүстік Африкадан келген жүк арасынан 144 келі кокаин тәркіледі

inform.kz
inform.kz
Есірткіні анықтау шарасы елдің шекара қызметі және федералдық полиция күшімен ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аустралияның шекара қызметі Брисбен кемежайында Оңтүстік Африка Республикасынан жеткізілген жүк арасына жасырылған 144 келіге жуық кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

The Sydney Morning Herald басылымының жазуынша, шекара қызметкерлері Брисбен кемежайына қазан айының басында жеткізілген гидравликалық цилиндрлер партиясын қарау кезінде екі гидроцилиндр поршенінен қуыстарды анықтаған. 

Оның ішінен әрқайсысына 24 блок кокаин салынған алты металл контейнер табылды. 

Жасырылған есірткінің құны 64,8 млн аустралиялық долларға бағаланып отыр. 

Есірткіні анықтау шарасы елдің шекара қызметі және федералдық полиция күшімен ұйымдастырылды. Соның аясында Брисбена және Сидней кемежайларының қойма ғимараттарында іздеу жұмыстары жүргізіліп, жүкті алушы – Сиднейдің 45 жастағы тұрғыны қамауға алынды. 

Аустралия заңнамасына сәйкес, аталған құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру.

Новости партнеров