«Күйеуімен бірге келген»: Алматыда жезөкше әйел клиентін қинап өлтірді

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Ер адамды өлтірген жезөкше әйел мен оның күйеуіне сот үкімі шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда клиентін өлтіріп, кейін оны тонап кеткен жеңіл жүрісті әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамды өлтірген жезөкше әйел мен оның күйеуіне сот үкімі шықты.

«Оқиға 2018 жылдың 8 қарашасында түнде орын алған. Жалға алынған пәтерде жеңіл жүрісті әйел мен клиент сөзге келісе алмай ұрысып қалған. Жанжал соңы төбелеске ұласып, әйел шампан бөтелкесімен ер адамның басынан ұрып, шыны сынығымен жәбірленушінің тамағынан орып жіберген. Кейін есікті сыртынан жауып ізін жасырған. Алайда көп ұзамай пәтерге күйеуімен бірге оралып, клиентті тонап кеткен. Сонымен қатар, қансырап жатқан ер адамды банк картасының пин-кодын айтуға мәжбүрлеген», - делінген хабарламада.

Сотта ерлі-зайыпты кінәсін жартылай мойындады. Сот үкімімен әйел айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «түнгі көбелектің» күйеуі үш жылға сотталды.

Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Процессуалды шешім шығарарда, сот олардың қылмысты жасағаны үшін өкінетінін, баласының барын және басқа да мән-жайды ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Новости партнеров