Олар ауруханаға жеткізілді
Павлодарда 2022 жылғы 28 желтоқсанда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ломов көшесі 152/2-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама "101" пультіне сағат 10:20-да түскен – бірінші қабаттағы қоқыс жинағыштан (қойма бөлмесіне айналдырылған) өрт шыққан.
"Салдарынан 9-қабаттағы №54 пәтердің тұрғындары, яғни 2000 жылғы азамат пен 2022, 2019 жылы туған балалар иіс газына уланып, ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.