Ер адам ауруханаға барар жолда көз жұмды
Ақмола облысында 52 жастағы жұмысшыны жөндеу жұмыстары кезінде экскаватор шөміші басып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ер адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 19 қараша түс кезінде болды.
Ақкөл АПБ-ға аудандық аурухананың дәрігері қоңырау шалып, жедел жәрдем көлігінде жұмысшы қайтыс болғанын хабарлаған.
Анықталғандай, 52 жастағы ер адам жөндеу жұмыстары кезінде экскаватор шөмішінің астында қалған. Марқұм жекеменшік кәсіпорында істеген.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.