Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

23.01.2020 19:45

Күдіктінің қаншалықты кінәлі екенін енді сот шешеді

Скриншот из видео

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның ұсталу сәті түсірілген видеоны көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Белгілі болғандай, аудандық соттың төрағасы борышкер азаматқа Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін, делдал арқылы одан қомақты пара алыпты. Ал 22 қаңтар күні парақор судьяны құрықтауға тиісті санкция алынды. Күдіктінің қаншалықты кінәлі екенін енді сот шешетін болады.