Қарағандылықтар жылу электр орталығындағы апат салдарынан жарықсыз қалды

28.09.2023 20:25

Облыс әкімі өңір халқына үндеу жолдап, апаттың себебі анықталып жатқанын жеткізді

Фото:© AFP 2023 / ANNE-CHRISTINE POUJOULAT

Нөсер жауынмен әбден әбігерге түскен Қарағанды жұрты жарықсыз қалды. Үшінші жылу электр орталығындағы апат салдарынан бірнеше ауданда электр қуаты үзілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Суық су беруде де қиындықтар туындаған. Көшедегі бағдаршамдар істен шыққан. Жағдайға байланысты облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір халқына үндеу жолдап, апаттың себебі анықталып жатқанын жеткізді. Ал осыдан бірер сағат бұрын Энергетика министрлігі Қарағанды қаласында электр қуатын беру қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді.  

– Бүгін таңертең Қарағандының үшінші жылу электр орталығында және «ГРЭС Топар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде апат болды. Оның себебін анықтап жатыр. Қазір бірінші орынбасарым сол стансаларға барып, апаттың неден болғанын анықтап, тез арада қосу үшін жұмыс істеп жатыр, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда нөсер жаңбыр жауып, көшелерді су басты