Дәрігерлер жасөспірімінің жағдайын ауыр деп бағалап отыр
Алматы облысында смартфон камерасының көмегімен бірегей селфи-автопортрет жасауға әрекет жасаған кезде жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1 шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында 2005 жылы туған жасөспірім селфи – сурет түсірілімін жасау үшін, өзінің үйінің жанындағы көшедегі электр бағанасына шыққан. Электр тоғы соғуының салдарынан ол жерге құлап, екі қолдың 1,2,3,4 дәрежелі электрлік күюін, жабық бас сүйек-ми жарақатын, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған.
Ол Іле ауданының ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер жасөспірімінің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.