Ер адам қазір тұтқындалған
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында заңсыз жолмен алтын шығаратын кен орны табылды. Оны 52 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орынды тінту барысында тіркелмеген сыңар ауыз мылтық пен жарылыс жасауға арналған қолдан жасалған тұтандырғыш заттар тәркіленді. Ер адам қазір тұтқындалған. Дерекқе қатысты Қылмыстық кодекстің 287-ші, яғни «Қару-жарақтарды, оқ дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.