Қазақстандық ғалым, эколог Мұсағали Дуамбеков дүниеден озды

28.07.2020 19:47

100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық ғалым, эколог Мұсағали Дуамбеков дүниеден озды. Бұл туралы Мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева Facebook желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін таңғы сағат 8-де менің досым, белсенді қоғам қайраткері және нағыз азамат, ардақты әке Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды! Иманды болсын!» – деп жазды Айгүл Соловьева.  

Мұсағали Дуамбеков 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын, қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын бітірген. 100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы. Техника ғылымының докторы, профессор. 

Оның "Қазақстан экологиясы", "Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі", "Экологиялық менеджмент" тағы басқа кітаптары жарық көрген. 1990-1996 жылдары – Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, деканы. 

1996-1998 жылдары - Тараз университеті инженерлік-техникалық мамандықтарының Қаратау оқу-ғылыми методикалық кешені директорының орынбасары, "Кәсіпорындарды тарату және қайта құру агенттігі" АҚ Жамбыл филиалы директорының орынбасары. 

1998-2000 жылдары - Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы.

2000-2001 жылдары –Тараз мемлекетік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 

2001-2003 жылдары - ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары. 

2003-2004 жылдары - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының директоры. 

2004-2005 жылдары - "Жасыл ғаламшар үшін" экологиялық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 

2007-2011 жылдары "Экологиялық таза тағам" журналының бас редакторы. 

2011-2012 жылдары "Қарабура әулие мәдени орталығы" қоғамдық қорының президенті. 

2012 жылдан бастап "Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет" қоғамдық қорының президенті болған.