Майқайың кентінде руда опырылып, екі адам ауруханаға түсті

20.09.2022 19:49

Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10:50-де болған

Фото: ашық дереккөзден

Майқайың кентінде руда опырылып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 10:50-де жерасты шахтасында тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз себептермен руда опырылып түскен.

«Салдарынан аталған акционерлік қоғамның екі жұмысшысы дене жарақатын алған. 32 және 27 жастағы ер адамдар Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды», - деді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 32 жастағы ер адамның жағдайы орташа тұрақты, травматология бөліміне жатқызылғанын хабарлады. Екінші адам реанимация және қарқынды терапия бөліміне түскен. Бүгін жағдайы оңалғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылған, жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Сондай-ақ, 18 қыркүйек күні сағат 23:00-де Екібастұз қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағындағы конвейер цехында кірпіш өндіру бойынша өндірістік жұмыс кезінде 37 жастағы жұмысшысың оң қолы конвейер лентасына түсіп кеткен. Оқиға салдарынан жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Теги: кен орны