Ұсталған адам қылмысын мойындап, қазір уақытша ұстау абақтысында отыр
Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 шілдеде Алғын ауданы Тікқайың ауылында ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Сот медициналық сараптама нәтижесінде ауыл тұрғынының "механикалық асфиксия" салдарынан көз жұмғаны анықталған.
Учаскелік полиция инспекторы кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның туған ұлын ұстады. Жанжал кезінде ашуға булыққан жігіт әкесін арқанмен буындырып өлтірген көрінеді.
Тәртіп сақшылары хабарлағандай, ҚР ҚК 99-бабы бойынша (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда 8 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Ұсталған адам қылмысын мойындап, қазір уақытша ұстау абақтысында отыр.
Дереккөзі: Sputnik.