Абай облысында баланың басы автобус есігіне қысылып қалған

06.02.2023 19:55

Оқиға жөнінде әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде жазылды

дереккөз

Абай облысында 7 жастағы баланың басы автобус есігіне қысылып қалған, жүргізушіге айыппұлс алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Әйел адамның айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жастағы бала есікке қысылып қалған. Ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Абай облысының Полиция департаменті 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, аталған бап 5 АЕК, яғни 17250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуді қарастырады.

Оқиға жөнінде әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде жазылды. Автобус баланы бірнеше метр жерге сүйреген. Анасының айтуынша, ол баланы жібермей ұстап тұрғандықтан, дөңгелек астына түсіп қалудан аман қалған.