Олар халық көп жиналатын орындарында теракт жасамақ болған
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті ланкестік әрекетті жүзеге асырмақ болғандарды қолға түсірді. Бес күдікті Қарағанды мен Тараз қалаларында шабуылдау операцияларын дайындаған. 27 қаңтарда ұсталған олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ, 256-шы бабы яғни, терроризмді насихаттау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілердің айтуынша, ланкестік топ республика аумағының халық көп жиналатын орындарында теракт жасау мақсатында құрылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.