Алматыда 12-қабаттан әйел құлап мерт болды

01.03.2024 19:02

Оқиғаға қатысты полиция өкілі пікір білдірді

Аlmaty.tv

Алматыда әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Куәгердің айтуынша, оқиға "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Сонымен қатар оқиға куәгерлерінің сөзінше, қайтыс болған әйел 22 жаста.

Бұл оқиғаға қатысты Полиция департаменті өкілі пікір білдірді.

- Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі соталды тергеуді бастады. Мән-жайы анықталады, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Оқи отырыңыз: БҚО күйеуін киллер жалдап өлтіртпек болған келіншек ұсталды