"Охотзоопромның" зардап шеккен инспекторы ауруханадан шықты

01.08.2019 20:52

Оспановтар отбасы көрсетілген көмек үшін дәрігерлерге алғыс айтты

Шілденің соңында браконьерлер шабуылына тап болып, зардап шеккен "Охотзоопром" қорықшысы Самат Оспанов бірінші тамыз күні ауруханадан шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлердің айтуынша, инспектордың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Енді ары қарай емді үйінен қабылдайтын болды.

Оспановтар отбасы көрсетілген көмек үшін дәрігерлерге алғыс айтты.

Айта кетейік, 23 шілде күні "Охотзоопромның" екі қорықшысы браконьерлерді ұстамақ болған кезде зардап шекті. Атыс нәтижесінде бір инспектор Қаныш Нұртазинов қаза тапты.

Ақмолалық полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар екі күдіктіні тұтқындады.

Өткен аптада Самат Оспановқа ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады.