Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды

22.11.2021 20:03

Көлік апатынан 2 адам зардап шекті

Almaty.tv

Ел астанасында 20 жастағы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, бірнеше автомобильді соғып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Момышұлы даңғылымен Жұмабаев көшесіне бет алған жүргізуші қарсы бетке шығып, ондағы 2 көлікке соқтығысқан. Салдарынан 2 адам зардап шегіп отыр.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia мен Lada автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Аталмыш факт бойынша алдын-ала тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.

Теги: ДТП