Полиция аюдың ізіне түсіп, оны атып өлтірді
Жапонияның Саппоро қаласына қоңыр аю кіріп кетіп, 4 адамды жаралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.
Жыртқыш алдымен екі қарт кісі мен жасы 40-тар шамасындағы бір ер адамға шапқан.
Осыдан кейін оқиға орынынан ізім-қайым жоғалып, таң ата жаяу әскер лагеріне кіріп, тағы бір жауынгерге тарпа бас салған. Полиция аюдың ізіне түсіп, оны атып өлтірді. Жергілікті билік қалада қоңыр аюдың пайда болғанына аң-таң.
Себебі бұл жыртқыштар әдетте осы елдің Хоккайдо префектурасының орманында мекен етіп, тек азық іздеген кезде ғана жақын елді мекендерде көрінеді екен.