Олардың бірі – кәмелет жасына толмаған бала
Оралда бір күнде 2 жаяу жүргінші көлік астына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жол-көлік апатынан зардап шеккендердің бірі – 30 жастағы ер адам. Көше бойына жүгіріп шыққанында оны жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік қағып кеткен. Соның салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алыпты. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды.
Тура сол күні кешкі уақытта жасөспірім көлік қозғалысы үзілмейтін жолға шығып, автобус астына түсті. Жергілікті денсаулық басқармасы кәмелетке толмаған баланың амбулаторлық емдеуге жіберілгенін хабарлады. Бұл істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.
«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Сондай-ақ оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.