Қостанайда жеке үйлердің бірінен өрт шығып, соңы адам өлімімен аяқталды. Өрттен әйел адам көз жұмды, деп жазады NUR.KZ.
Қызыл жалын үйдің түгін қалдырмаған. Қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 7 өрт сөндіру техникасы мен 35 жұмысшы жұмылдырылды.
Құтқарушылар үйді сөндіріп болған соң қатты күйіп кеткен әйелдің денесін тауып алды.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.