Қостанайда жүргізуші автокөлігімен бірге жанып кетті

15.03.2019 20:07

Оқиға 14 наурыз күні кешке «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында орын алған

alau.kz

Қостанай облысында жеңіл автокөлік өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. Оқиға 14 наурыз күні кешке «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында болған.

«32 жастағы Алтынсарин ауданының тұрғыны «ВАЗ-2111» автокөлігімен Обаған ауылына шыққан. Көлігі тас жол үстінде өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі көмірқышқыл газының әсерінен болған», - дейді Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.