Оған ірі көлемде айыппұл салынбақ
Талдықорғанда полиция формасын киген актер жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған ірі көлемде айыппұл салынбақ. Сөйтсе, сахна майталманы полиция формасын киіп, жарнамалық роликке түскен. Нәтижесінде оған полиция формасын кигені үшін және жала жапқаны үшін екі бірдей бап бойынша айыппұл салынғалы отыр. Бұл туралы актердің қорғаушысы Есімбол Мамырханов мәлімдеді. Роликте полиция қызметкері санитарлық нормаларды тексеру мақсатында дүкенге келеді. Сөйтіп, өзінде көлігі болмаса да, ол жерден екі бірдей көлік шинасын алып шығады. Енді хаттамалар сотқа жіберіліп, полиция формасын заңсыз кигені үшін ол 13 мың 890 теңге және жала жапқаны үшін 444 мың 480 теңге төлеуі қажет. Не болмаса 15 тәулікке қамауға алынады. Актердің қорғаушысы роликте жала жабу туралы, полиция формасын арам оймен пайдалану туралы ниет болмағанын айтады.