Шымкентте полицейлер тұрғындарды қабаған иттен арашалап қалды

polisia.kz
polisia.kz
Қабаған ит полиция қызметкерін де қауып алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттік полицейлер тұрғындарды қабаған иттен құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Абай ауданының Полиция басқармасы №5 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары М. Әбдірахманов пен Б. Ирисбеков аумақты патрульдеу кезінде адамдарға шабуыл жасаған қабаған итті ұстады.

24 сәуір күні сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына «Қазығұрт» шағын ауданындағы «Жандос» аялдамасының жанында адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер дереу тұрғындарды құтқарып алуға тырысқан. Полиция қызметкерлерінің бірі иттің мойынынан ұстап тұрғанда, ит оны екі қолынан тістеп алады. Полицейдің серіктесі итті арт жағынан ұстап, байлап үлгереді.

«Ит екі тұрғынды, біреуін қолынан, екіншісің иығынан тістеп алған. Келген жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккендерді ауруханаға алып кетті. Сонымен қатар, ветеринарлық қызмет қызметкерлері келіп, итті алып кетті», - делінген хабарламада. 

Егер тексеру барысында иттің иесі анықталса, ол ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер ит қаңғыған болса, жануарларға жауап беретін лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Новости партнеров