Олар дереу ауруханаға жеткізілді
Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылындағы жеке үйден екі адамның денесі табылды. Екеуі де белгісіз газдан уланып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Темір ауданында қайғылы жағдай тіркелді.
«Саркөл ауылы Мешіт көшесіндегі үйден 1951 жылы туған үй иесі мен 1976 жылғы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, екеуі де белгісіз газдан уланған. Қазір тергеу жүріп жатыр»,– деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Хромтау ауданы Көктау кентінде екі адам табиғи газға уланып қалған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде дәрігерлер «1987 және 1990 жылы туған екі адамның жағдайы ауыр» деп отыр.