Оқиға орнына 37 адам мен 11 техника жұмылдырылды
Алматыда караоке-клубынан өрт шықты. Ғимараттың төбесі жанып, шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай 18 ақпанда сағат 09:56-де орын алған. ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 130 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға жіберілді.
- Төтенше жағдай орнына келгеннен кейін 4 минутта жеттік. Екі қабатты караоке ғимаратының шатыры жанып жатқаны нықталды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес өрттің алаңы 250 шаршы метрді құрады. Қатты түтін пайда болып, газ-түтіннен қорғау қызметі эвакуациялау және құтқару үшін ғимарат ішінде адамдардың болуына барлау жүргізді. Өрт сөндіруге және қорғауға арналған екі жауынгерлік учаске құрылды, - делінген ресми хабарламада.
Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Өйткені шатыр құрылымдарының құлауы мүмкін. Барлау барысында ғимарат ішінде адамдардың жоқтығы анықталды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін нысан әкімшілігі үш адамды эвакуациалады, қаланың барлық өзара іс-қимыл қызметтері жұмыс істеді.
Полиция департаментінің қызметкерлері қауіпті аймақты қорғады. Оқиға орнына 37 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Ойын-сауық орталығының 1 және 2 қабаттары мен көрші ғимараттар өрттен қорғалды. Өрт 10:43-те оқшауланып, 10:49-да жойылды ТЖД қызметкерлері қазіргі уақытта өрттің себебін анықтауда.
Оқи отырыңыз:Қарағандыда жылыту қазандығы жарылды (видео)