Петропавлда екі бала газдан уланып қалды

28.03.2019 20:23

Петропавловск.news

27 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысында екі ағайынды бала иіс газынан уланып қалды. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды аудандық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Петропавловск.news.

Ведомствада хабарлағандай, балалар пеш жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан зардап шеккен. Мұржаның қақпағы жабық болған.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың бірінің жағдайы ауыр, ал екіншісінің жағдайы орташа.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігі туралы еске салып, пештер мен электр жылытқыштарға тексеру жүргізуді ұсынды.