Заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардан 3 «Калашников» автоматы, 5 граната, 14 тапанша және 1700-ден астам оқ-дәрі мен қару бөлшектері тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың маусым айында суық қарулардың заңсыз жолы кесілген. Сот алды тергеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің де қылмысқа қатысты екені белгілі болды. Лауазымды тұлғаның ішкі істер министрлігінде тіркеуде тұрған оқ-дәрілерді қолды қылғаны анықталған. Оған қоса, қару-жарақ жинайтын жасырын шеберхананың жұмысы тоқтатылды. Биылғы жылдың қаңтарында Алмалы аудандық соты заң бұзушы тұлғаларды әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарған.