Мұғалім оқушының бетінен шапалақпен ұрып, дәптерін жыртып тастаған

19.12.2021 20:30

Видео "Березовский. Новости золотого города" парақшасында жарияланды

стоп кадр

Свердлов облысы Березовский қаласында жергілікті мектеп мұғалімі алтыншы сынып оқушысын "сен" дегені үшін шапалақпен ұрып, дәптерін жыртып тастаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео "Березовский. Новости золотого города" парақшасында жарияланды.

Баланың сыныптастарының айтуынша, ол дәптерін мұғалімге бермеген, сонымен қатар сабақта телефонмен отырған. Мұғалім оқушыдан дәптерін тартып алғанда: "Қайтар", – деді. Бұған жауап ретінде мұғалім дәптерді жұлып алып, оқушының бетінен шапалақпен ұрып жіберген.

Бұған дейін Екатеринбургтегі №16 мектептің 3-сынып оқушысы мұғалімнің кесірінен үйде оқуға көшкен.