Оның біреуі үш жастағы бала мен 56 жастағы ер адам
Ақтөбе су қоймасында үш адам суға кетті, оның біреуі үш жасар бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 маусым күні сағат 5:48-де Kia автокөлігімен бірге үш адамның суға кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар екі адамның денесін судан алып шықты. Оның біреуі үш жастағы бала мен 56 жастағы ер адам. 35 жастағы үшінші адамның денесін сүңгуірлер іздеп жатыр. Болжам бойынша көлік су жағасында тұрып, абайсызда қозғалып кеткен. Ішінде үш ересек, бір бала болған. Кішкентай баланы әкесі құтқарып, анасына берген. Абдыраған анасы суда тұра берген. Ер адам өзгелерді құтқаруға суға кіріп, қайта шыққанда анасының қолында бала болмаған», - деді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Қайрат Дәрменов.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбеде бес адам суға кетіп, қаза болды.