Теміртауда ер адамның денесі табылды

15.04.2019 20:33

Ол Теміртау қаласының 32 жастағы тұрғыны боп шықты

rusvesna.su

14 сәуір күні Ақсу-Аюлы ауылынан бес шақырым жерде белгісіз азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының көмегімен қайтыс болған азаматқа қатысты мәліметтер анықталды. Ол осыдан біраз бұрын жоғалып кеткен Теміртау қаласының 32 жастағы тұрғыны боп шықты.

Қазір сараптама жұмыстары жүріп жатыр.