Жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды
Калифорния штатында автокөлік жүргізушісі 9 жүргіншіні қағып, оның 3 қаза болды. Көлікті тізгіндеген 71 жастағы ер адам Сан-Диего қаласында колледждың жанында орналасқан жерасты өткелімен жүремін деп жүргіншілерді қағып кеткен. Оқыс оқиғадан соң әзірге 3 адамның қайтыс болғаны анықталса, 2 ауыр халде ауруханаға түскен. Кейін, жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.