Қатты соққының салдарынан жүк көлігі жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан қаласында Тұран даңғылы мен Керей, Жәнбек хандар көшесінің қиылысында 7 бірдей көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік апаты бүгін сағат 11.30-дар шамасында орын алған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетсек, бір уақытта соқтығысқан көліктердің арасында жүк көлігі болған. Қатты соққының салдарынан жүк көлігі жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
«Жүк көлігінің жүргізушісі «Газель» автокөлігімен соқтығысып қалған. Соның салдарынан бағдаршамның қызылында тұрған алдындағы бес автокөлікке соғылған. Алдын ала деректер бойынша, жол апаты қашықтық және жылдамдық режимін сақтамағаннан болған», - делінген хабарламада.