Жүргізуші қамауға алынды
Алматы облысында 36 жастағы келіншек пен оның 2 кішкентай баласын көлік қағып, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі.
Қайғылы жағдай өткен сенбіде Қарабұлақ ауылында болған. Алдабергенов көшесімен қатты жылдамдықта жүрген көлік 3 бірдей адамды оқиға орнында мерт қылды.
«Жол-көлік оқиғасы Ескелді ауданында 23 сәуірде түнгі сағат 22-00 тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші қамауға алынды»,– деді Полиция департаментінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.