Ақтауда өлген балықтар мен шаяндар жағалауға шығып қалды

facebook.com/s.dildakhmet
facebook.com/s.dildakhmet
Қазір Маңғыстау облысы Экология департаменті тексеріс жүргізіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда өлген балықтар мен шаяндар Каспий теңізінің жағалауына шығып қалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

16 сәуірде Каспий жағалауына шығып қалған теңіз мекендеушілерін қала тұрғындары видеоға түсіріп алған. Қазір Маңғыстау облысы Экология департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.  

Департамент басшысының қызметін атқарушы Руслан Төкенов кеше мамандар су сынамасын алғанын мәлімдеді.  

«Енді сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Мамандар жұмыс істеп жатыр», - деді Руслан Төкенов.

Естеріңізге салсақ, 11 наурызда теңіз жағалауына шығып қалған шаяндар жайында экологтар қалыпты құбылыс деп айтқан болатын.

Новости партнеров