Алаяқ оның 63 мың теңгесін жымқырған
WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған Ақмола облысының 48 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, алаяқ әйел туралы полицияға 65 жастағы жәбірленуші хабарласып айтқан. Алаяқ оның 63 мың теңгесін жымқырған. Кейінірек полицейлер 20-дан астам адам алаяқтан құрбан болғанын, ал жалпы келтірілген шығын сомасы 70 миллион теңгені құрағанын анықтады.
«Жедел іздестіру шарасы барысында полиция Көкшетаудың 48 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан келген 20-ға жуық адамды сан соқтырған. Әйел өз кінәсін мойындады»,– деді ведомстводан.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары осыған ұқсас алаяқтықтан зардап шеккендер болса, полиция бөлімдеріне жүгінуді немесе «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.
Ведомствоның мәліметінше, алаяқ әйел туралы полицияға 65 жастағы жәбірленуші хабарласып айтқан. Алаяқ оның 63 мың теңгесін жымқырған. Кейінірек полицейлер 20-дан астам адам алаяқтан құрбан болғанын, ал жалпы келтірілген шығын сомасы 70 миллион теңгені құрағанын анықтады.
«Жедел іздестіру шарасы барысында полиция Көкшетаудың 48 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан келген 20-ға жуық адамды сан соқтырған. Әйел өз кінәсін мойындады»,– деді ведомстводан. Полиция қызметкерлері атап өткендей, жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары осыған ұқсас алаяқтықтан зардап шеккендер болса, полиция бөлімдеріне жүгінуді немесе «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.