Қазір күдікті қамауда отыр
Атырауда полиция кәсіпкерден 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
26 жастағы блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен.
Ол азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 миллион теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген.
Сондай-ақ, күдікті ақпанда сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.
Қазір күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
- Бұл іске қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз, 98-22-05 және 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Екин: Астанада жолдағы тәртіпті қадағалайтын жүйе іске қосылды