Сычуань провинциясында күштілігі 4,6 балдық жер сілкінісі болған
Бейсенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулер жергілікті уақытпен сағат 11:03-те Сычуань провинциясындағы Мяньян қаласының Бэйчуань уезінде тіркелген. Оның тереңдігі – 20 шақырым.
Кеше Сычуань провинциясында күштілігі 4,6 балдық жер сілкінісі болған. Қытай Орталық телеарнасының мәліметінше, бүгінгі жерасты дүмпулерден кейін жергілікті мектеп қызметкерлері оқушыларды қауіпсіз жерге шығаруға дереу кіріскен. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.