Елордалық өрт сөндірушілер құрғақ шөптен шыққан өртті екінші күн сөндіріп жатыр

20.06.2023 20:45

Өрттің жалпы ауданы 80 гектар

bes.media

Елордалық төтеншеліктер құрғақ шөп өртімен екінші тәулік арпалысып жатыр. Кешелі бері тілсіз жауды сөндіруге 150-ден астам адам мен 35 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 150 тоннаға жуық су шашқан. Соның нәтижесінде таңғы 9:00-де басталған қызыл жалын кешке бір-ақ оқшауланған. Өрттің жалпы ауданы – 80 гектар. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетсек, Қосшы қаласы мен Қараөткелдің арасында қамысқа от тиіп, арты қызыл жалынға ұласты.  

«Әуеден 60 рет 200 тоннаға жуық су төгілді. Өртті жоюға маңайдағы Ақмола және Қарағанды облыстарынан қосымша техника мен адам жұмылдырылды», – деді қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.