«Balapan» арнасының жүргізушісі көз жұмды

«Balapan» арнасының жүргізушісі көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


«Balapan» арнасының көрермендерінің көзайымына айналған 13 жасар Құтжан Бағлан қайтыс болды. Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«АУЫР ҚАЗА...Талантты бала еді... Рамазан айында дұға етіп едік... Орны толмас өкініш... Қысқа ғұмыр... Не деген ауыр еді... Алла алдынан жарылқасын! Ата- анаңа, туғандарыңа сабыр берсін!», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегілер Құтжан Бағланның велосипедпен жүк көлігіне соқтығысып, өте ауыр жарақат алғанын жазған болатын.


Новости партнеров