Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды
Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды.
"Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр.
"Жағдайы тұрақты", - дейді дәрігерлер.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол жеке меншік болып табылады және профлистпен қоршалған.
Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтынын жеткізді.